about us icon Біз туралы

“Мейірім” оңалту орталығы МКҚК

diagnostika photo

Ниязқұлов Әбдірахмат Әбдіқадырұлы, 01.08.1964 жылы Оңтүстік қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауылында туылған, өзбек. 1971 жылдан 1981 жылға дейін Ленин атындағы орта мектебінде білім алды. 1981-1982 жылдары ОҚМГЭ-де буравик болып жұмыс істеді. 1982-1988 жылдары Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Орта Азиялық мемлекеттік педиатриялық институтында, педиатрия факультетінде оқыды, институтты бітіргеннен кейін дәрігер-педиатр мамандығын иеленді. 1988-1989 жылдары Ресей Социалистік Федеративтік Кеңестік Республикасы Краснодар өлкесіндегі Майкоп қаласындағы облыстық балалар ауруханасында балалар хирургы мамандығы бойынша интернатурадан өтті. 1989-1991 жылдары «Сайрам» аудандық ауруханасында балалар хирург дәрігері болып жұмыс істеді. 1991 жылдың қыркүйек айынан 1993 жылдың тамыз айында дейін Ташкент педиатриялық медициналық институтында «Урология» мамандығы бойынша клиникалық ординатура оқып бітірді. 1993 жылдан 1995 жылға дейін «Сайрам» аудандық орталық ауруханасына жолдамамен жолданып, дәрігер-уролог болып жұмыс істеді. 1995-1997 жылдары «Сайрам» аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 1997-1998 жылдары Сайрам ауданының тері-венерологиялық диспансерінде бас дәрігер қызметін атқарды. 2006-2008 жылдары Қазақстан халықтар Достығы университетінде «Экономика» біліктілігі және бакалавр академиялық дәрежесі берілді. 2010-2015 жылдары Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, 2015-2019 жылдары «Қарабұлақ» аудандық ауруханасында бас дәрігер болып қызмет атқарды. 2019 жылы «Сайрам» аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет атқарды. 1995 жылдан «НұрОтан» партиясының мүшесі. 2002 жылы Алматы қаласындағы Жарбосынов атындағы Урология орталығында кандидаттық диссертациясын қорғады. «Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты және «Урология және андрология» мамандығы бойынша жоғары санаты бар. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеде белгілерімен, 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, 2011 жылы “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жыл” мерекелік медалімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен, 2018 жылы «Денсаулық сақтау» саласында еселі еңбек етіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені себепті «елеулі еңбегі үшін» орденімен марапатталды.
Электронды пошта: a.niyazkulov64@mail.ru

Эксперт-дәрігер: Еримбетова Лаура Сапаргалиевна
Электронды пошта: laura.erimbetova84@mail.ru

Байланыстар

“Мейірім” оңалту орталығы МКҚК

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, Г. Иляева №51

gkkpmeirim@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 53-05-77
Медициналық мекеменің байланыс орталығы