about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

ӘМСҚ басшысы Айдын Ашуев халықты МӘМС жүйесіне тарту шаралары туралы айтып берді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айдын Ашуев орталық…

19, Қыркүйек 2022

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айдын Ашуев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде халықты МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі ведомствоаралық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

 

Айдын Ашуевтің айтуынша, халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселесі өзекті болып табылады.  Қазақстанда медициналық сақтандыру 2020 жылдан бастап жұмыс істеп, МӘМС-ке төлемдер барлығы үшін міндетті болып табылатынына қарамастан, шамамен 3,2 млн адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған күйінде қалып отыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша МӘМС жүйесіне кірмеген адамдарды сақтандыру үшін шаралар қабылданды.  Осыған байланысты осы жылдың шілде айында МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы тәсілін көздейтін “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” Заңға өзгерістер енгізілді», – деді Айдын Ашуев.

 

Бұрын сақтандыру мәртебесін алу үшін өткен 12 ай үшін жарна төлеу қажет болды және осы кезеңде төлемдер  жасалмаса, берешек пайда болатын. Енді алдағы 12 ай үшін жарналарды төлеп, сақтандыру мәртебесін алуға болады. Бұл Медициналық сақтандыру есебінен жыл бойы медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді.  Жаңа механизм 5 қыркүйектен бастап іске қосылды. Сақтандырылмаған азаматтардың 30%-дан астамы осы әдісті қолданады деп топшыланып отыр.

«Алайда, бұл халықты МӘМС жүйесіне тарту үшін ведомствоаралық жұмыстың маңыздылығын атап өту қажет.   Ол жергілікті атқарушы органдармен, Мемлекеттік аумақтық бөлімшелерімен және Ішкі істер министрлігімен, медициналық ұйымдармен бірлесіп өткізілуі керек», – деп атап өтті Қордың басқарма төрағасы.

«Бүгінгі алаңды пайдалана отырып, Медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалғандарды оған қатысушы болуға шақырамын. Сақтандырылған азаматтарға медициналық қызметтердің көлемі  мен құны шектелмейді. Мысалы, Медициналық сақтандыруға жылына 36 мың теңге шегінде ең төменгі аударымдарды төлейтін дербес төлеушілер медициналық көмектің кең спектріне қол жеткізе алады», – деді Қор басшысы.

Байланыстар

“Мейірім” оңалту орталығы МКҚК

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, Г. Иляева №51

gkkpmeirim@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 53-05-77
Медициналық мекеменің байланыс орталығы