about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Баспасөз-релиз

Қазақстанда МСАК ұйымдарына еркін тіркелу науқаны басталды

15, Қыркүйек 2021

Қазақстанда МСАК ұйымдарына еркін тіркелу науқаны басталды

Бүгін, 15қыркүйектен бастап Қазақстанда МСАК ұйымындарын (медициналық-санитариялық алғашқы көмек) еркін таңдау науқаны басталды, ол екі айдың көлемінде 2021 жылғы 15қарашаға дейін жалғасады.

2021 жылдың 1-қыркүйегіне дейінгі уақытта МСАК ұйымдарына барлығы 19,4 млн адам ғана тіркелген. Оның ішінде қала халқының саны 11,6 млн адам болса, ауылдық жерлерде – 7,9 млн адам тіркелген.

2020 жылғы тіркеу науқанының қорытындысын қарайтын болсақ, МСАК ұйымын еркін таңдау қызметін 134,4 мың адам пайдаланған. Оның ішінде  шетелдік азаматтар – 1037 адамды құраса,  соның 1010 адамы басқа елдердің азаматтары, қандастарымыз – 27 болып табылады.

Қазіргі уақытта қызмет алып жатқан медициналық ұйым жұмысы қанағаттырмаған жағдайда, емхананы еркін таңдау арқылы тіркелуі үшін аталмыш акция тұрғындар үшін жыл сайын өткізіледі, ал нарық қатысушылары, оның ішінде жаңадан қосылған ұйымдар келесі жылы халыққа қызмет көрсету мақсатында тапсырыс алады.

2021 жылы Қор МСАК-тың 615 өнім берушісімен шарт жасасты: оның ішінде 357-сі мемлекеттік және 258-і жекеменшік ұйымдар. Аталған ұйымдардың барлығы денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында тіркелген.

Тіркеу науқаны және емхананы еркін таңдау мүмкіндігі қазақстандықтар үшін консультациялық-диагностикалық қызметтерге, ауруханаға жатып емделуге, кез келген жоспарлы медициналық қызметтердің көрсетілуіне және көптеген басқа да медициналық  жолдамаларды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмек алуға құқық береді.

Егер азаматтар емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған болса, олар өздеріне бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.

МСАК ұйымына үш тәсіл арқылы тіркелуге болады: тікелей таңдалған медициналық ұйымға жүгіну арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беру арқылы.

Қазақстан халқына ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету үшін тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін көрсетілетін “Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту” мемлекеттік қызметі іске қосылды.

МСАК ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше немесе “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті ұсынады.

МСАК ұйымына жүгінген уақытта азаматтың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет және сол жерде бас дәрігердің атына өтініш жазуы тиіс. Бекітілуші еgov.kz. порталы арқылы тіркелген кезде авторизациядан өтіп, электрондық өтінімді толтыру қажет. Қызмет көрсетудің нәтижесі өтініш берушінің Жеке кабинетіне жіберіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тоқталатын болсақ, онда тіркеу рәсімін өзіне-өзі қызмет көрсету пунктінде “Connection Points” арқылы электрондық форматта жүзеге асыруға болады.

Азаматтардың  кейбір  жекелеген санаттары тікелей емханаға бекітіле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басты куәландыратын құжатты қоса беру қажет. Аталмыш санаттарға зейнеткерлер, мүгедектер, бала кезінен мүгедек жандарға заң бойынша тағайындалған қорғаншылар немесе қамқоршылар,  сондай-ақ патронат тәрбиешілер; жазасын колонияларда (өтеу орны бойынша) өтеп жүрген сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, бекітуді сенімхат бойынша ресімдейтін адамдар жатады.

Тіркеу науқаны-емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі болып табылмайды. Бұл рәсімді жылына бір рет еркін таңдау құқығымен жасауға болады, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын  ауыстырған жағдайда, басқа елді мекенге көшкен болса немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса, жойылса және басқа да жағдайларда емхенаны ауыстыруға құқылы.

Жыл сайынғы бекіту науқанын өткізуге бақылау мен жауапкершілік аумақтық Денсаулық сақтау басқармаларына жүктелгендігін атап өткен жөн, егер медициналық ұйымның өзі азаматтардың көңілдерінен шығатындай етіп  жауап бере алмаған және шешім шығара алмаған жағдайда, тіркелушілер көкейлеріндегі сұрақтарын, шағымдары мен ұсыныстарын аумақтық Денсаулық сақтау басқармаларына жолдауға болады.

Мәлімет үшін айта кететін болсақ, тіркелуге болатын барлық емханалардың тізімін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының www.fms.kz сайтынан “Клиниканы таңдау” бөлімінде алуға болады.

Егер сізде медициналық қызметтерді алуға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, өтінішті Қордың ресми кері байланыс арналары – 1406 байланыс орталығы, “Qoldau 24/7” мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты,  Telegram-дағы Saqtandyry-bot арқылы қалдыруыңызды сұраймыз.

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ТІРКЕЛУ БОЙЫНША ТОП 7 СҰРАҚ

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға еркін тіркелу науқаны басталады. Біз ең көп таралған сұрақтарға жауап дайындадық.

  • Тіркелуге қабылданған өтініш қанша уақыт ішінде қаралады?

Азамат электрондық үкімет порталы арқылы бекітуге өтінім берген кезде бекіту немесе бекітуден дәлелді бас тарту 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

  • Неліктен үйге жақын емханаға тіркелу маңызды болып саналады?

Біріншіден, бұл үйіңіз бен емхананың ортасында 15-20 минуттық жая жүруге болатындай қашықтықтағы медициналық көмекке қолжеткізу.

Екіншіден, үйде көмек алу, соның ішінде қажет болған жағдайда дәрігерді немесе мобильді бригаданы шақыру мүмкіндігі болып табылады.

Барлық емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі.

  • Мен бір уақытта бірнеше емханаға тіркеле аламын ба?

Сіздің тек бір емханаға тіркелу мүмкіндігіңіз бар, өйткені бекіту сіздің ЖСН жеке нөміріңіз бойынша жасалады. Ал, сізді бұрынғы емханадан босату автоматты түрде жүзеге асырылады.

  • Егер мен тіркеу науқаны кезінде өтініш бермеген болсам не болады?

Бұндай жағдайда сіз бұрын өзіңізге қызмет көрсетілген емханада тіркелген болып қаласыз.

  • Аталған науқан кезінде мен басқа емханаға тіркелуге өтініш бердім, ол жерде медициналық көмекті қай уақыттан бастап алуға болады?

Келесі жылдың 1- қаңтарынан бастап аласыз. Ағымдағы жылдың соңына дейін сіз өзіңізге бұрын қызмет көрсетілген емханада медициналық көмек алуды жалғастыратын боласыз.

  • Қандай жағдайларда мені емханаға тіркеуден бас тартуы мүмкін?

Жалған ақпарат ұсынған уақытта;

Пациенттің нақты тұру мекені емхананың қызмет көрсету аймағынан тыс жерде орналасқандығы анықталған кезде;

Бекітілген халық саны жалпы практика дәрігеріне 1,7 мың адамнан,  учаскелік педиатрға 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баладан, 0-ден 14 жасқа дейінгі 900 баладан асқан кезде;

Тіркелген тұлғаның заңды өкілдігін растайтын құжат болмаған кезде.

  • Емханаға бекітілу қандай НҚА бойынша реттеледі?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылдың 13-қарашасындағы  № ҚР ДСМ-194/2020 “Жеке тұлғаларды МСАК ұйымдарына тіркеу қағидаларын бекіту туралы” бұйрығымен реттеледі

Байланыстар

“Мейірім” оңалту орталығы МКҚК

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, Г. Иляева №51

gkkpmeirim@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 53-05-77
Медициналық мекеменің байланыс орталығы